Accessibility links

Бангладештің экс-премьері өлім жазасына кесілді


Бангладештің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасина.
Бангладештің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасина.

Бангладештегі сот елді 15 жыл басқарып, кейін Үндістанға қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны өлім жазасына кесті.

Ол 2024 жылы тамызда елде болған жастардың көтерілісі үшін айыпталды. Былтырғы наразылық кезінде кемі 1400 адам полиция мен жасақтың қолынан қаза тапқан еді.

Хасина "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп сотталып жатыр. Ол көтерілістен соң Үндістанға қашып кеткен еді. Үндістан Хасинаны Бангладешке бермей отыр. Ал экс-премьер сотты "фарс" деп атап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

"Мен адамдарды атуға бұйрық бермедім" деді Хасина ВВС сайтына жіберген хатында.

Былтыр жазда Бангладештегі студенттер ел тәуелсіздігі үшін соғысқан ардагерлердің туыстарына жұмыс квоталарын алып тастауды талап етіп наразылыққа шыққан, оның арты үкіметке қарсы наразылыққа ұласқан еді.

Премьер-министр қашып, уақытша үкімет құрылды. Бангладеште не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00
XS
SM
MD
LG