Accessibility links

Bloomberg: Ресей мұнайының бағасы кейінгі 2,5 жылдағы ең төмен деңгейге түсті


13 қарашада Новороссийск порты арқылы экспортталатын ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы кейінгі екі жарым жылдағы ең төменгі деңгейге түсіп, бір баррелі 36,61 доллар болған. Bloomberg агенттігі мұндай ақпаратты Argus Media деректеріне сүйеніп хабарлады.

Балтық теңізіндегі порттардан жөнелтілетін мұнай бағасы да осыған ұқсас шамада болған. Агенттік мәліметінше, 14 қарашада екі бағыт бойынша да баға аздап өскен.

Ресей мұнайы қазан айының аяғынан бастап арзандай бастаған. Бұған ресейлік "Роснефть" және "Лукойл" компанияларына қарсы АҚШ санкциялар енгізгені туралы хабар себеп болған.

Бұл шектеулер 21 қарашада күшіне енбек. Осыған байланысты Қытай, Үндістан және Түркиядағы бірқатар мұнай өңдеу зауыттары ресейлік мұнайды сатып алуды уақытша тоқтатып, балама жеткізу көздерін іздей бастаған деп жазды Bloomberg.

XS
SM
MD
LG