Accessibility links

Украина мен Франция әскери жойғыш ұшақтар жеткізу жайлы келісімге қол қойды


Француздың Rafale жойғыш ұшақтары (көрнекі сурет)
Француздың Rafale жойғыш ұшақтары (көрнекі сурет)

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қойды. Құжатта Украина қарулы күштеріне француздың Rafale жойғыш ұшақтарын сатып алу қарастырылған.

Келісімге қол қою рәсімі Париж маңындағы Виллакубле әуе базасында өтті. Құжаттың толық мазмұны жарияланбағанымен, ол украин әскеріне француз әскери жойғыш ұшақтарын жеткізуді көздейтіні белгілі.

Зеленскийдің айтуынша, Киев Франциядан жүз шақты Rafale жойғыш ұшағын алғысы келеді. Бұған қоса, украин басылымдары Киев қосымша әуе қорғаныс жүйелері мен бірнеше үлгідегі дрондар алудан үмітті деп хабарлады.

16 қарашада Францияның сыртқы істер министрлігі Париж одақтастарымен бірге Украинаны қолдау шараларын күшейтуді және соғысты тоқтату үшін Ресейге қысымды арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG