Түркістан облысында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам мерт болды
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Оның тоғызы – бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт сөндіру кезінде үй ішінде болған үш ес-түссіз күйі эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілген.
Министрліктің мәлімдеуінше, өрт 360 шаршы метрді шарпыған.
"Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған" деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша тергеу басталған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды" деді ол.