Үстіне көпқабатты үйдің кондиционері құлаған фельдшер ауруханада көз жұмды

Жедел жәрдем қызметін атқару кезінде үстіне көпқабатты үйден кондиционер құлап көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуа.

Астанада көпқабатты үйдің қаптамасы құлаған кезде жедел жәрдем қызметін көрсеткен, сол кезде ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова хабарлады.

"Дәрігерлер 8 қарашадан бері оның өмірі үшін күресіп, жағдайын тұрақтандыру үшін барын салды. Өкінішке қарай, алған жарақаты тым ауыр болып, өмірін қиды. Бұл – бүкіл медицина қауымы үшін орны толмас қаза. Ол өз ісіне адал, батыл, елгезек еді — нағыз кәсіби маман болатын. Адамдарға көмектесу үшін ақырғы сәтіне дейін өз жұмыс орнында қалды" деді ол марқұмның жақындарына көңіл айтып.

8 қараша күні Астанадағы 9 қабатты үйдің кірпіштен жасалған қаптамасы құлап, оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатқан. Сол кезде олардың үстіне кондиционер құлаған. 23 жастағы Ұлдана Мырзуан ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек төрт адам жарақат алған.