Қазақстан билігі Ауғанстаннан келген, өзін "қандаспын" деп атайтын ондаған адамды қазақпыз деп жалған дерек ұсынған немесе қазақ екені дәлелденбеген деген уәжбен азаматтықтан айырған. Олар қазақ екенін алға тартып, істі қайта қарауды талап етеді.
Ресейдің шабуылынан жарық пен жылу жиі өшетін Украинада энергетика саласында жемқорлық шуы шықты. Ел президенті Владимир Зеленскийдің жақын досы Тимур Миндич пен министрлер, шенеуніктер «Энергоатом» компаниясынан ақша жымқырып отырған. Украинадағы бұл шуды түсіндіреміз.
Орталық Азиядағы негізгі екі экономика – Қазақстан мен Өзбекстан үш жыл бұрын одақтас мемлекет атанды. Сарапшылар әр салада реформа енгізуге талпынып жатқан Астана мен Ташкент арасында бейресми бәсеке барын айтады. Бауырлас ел саналатын қос мемлекеттің қазіргі ресми көрсеткіштеріне назар салайық.
Сарапшылар Орталық Азия елдерінде ет пен ет өнімдерінің қымбаттауына мал шаруашылығындағы жүйелі мәселелер мен мемлекеттік басқарудың олақтығы әсер етіп отыр дейді. "Азаттық Азия" аймақтағы ет бағасындағы өзгерістер мен билік реакциясын зерттеп, сарапшылармен сөйлесті.
Орталық Азия елдерінің лидерлері Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, миллиардтаған доллларға келісім жасаған соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Бұл сапардың мәні неде?
АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарды жыл басынан бері жаппай депортациялауға кіріскен билік жүк көлігін жүргізетін шетел азаматтарын да ұстай бастады. Таяқтың бір ұшы елде заңды жүрген шетелдіктерге де тиіп отыр. Азаттық АҚШ-та сол салада жұмыс істейтін қазақстандық Ербол Молдажановпен сөйлесті.
Орталық Азия елдерінде банк секторы экономикалық құрал болумен қатар саяси ықпал тетігі ретінде де қызмет етеді. Басшының жақын-жуығы ірі қаржы құрылымдарын бақылауда ұстайды. Бұл оларға капиталын көбейтуге ғана емес, экономикалық ресурсты әкімшілік билікке айналдыруға мүмкіндік береді.
Тағы