Accessibility links

Орталық Азия елдері бір біріндегі жоғары оқу орындарының дипломын жарамды деп тануға келісті


Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан осы елдердегі жоғары оқу орындары берген дипломды жарамды құжат деп қабылдауға келісті. Қазақстан үкімет осы жөніндегі тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатта келісімге қатысушы тараптар Орталық Азияның аталған бес елінің бірінде аккредитациядан өткен және заңды жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының дипломын жарамды деп танитыны көрсетілген.

Бұған қоса, егер дипломға қойылатын талаптарда елеулі айырмашылықтар анықталған жағдайда басқа мемлекеттің дипломын жарамды деп танудан бас тартуға болатыны да жазылған.

Аймақтағы өзге елдердің бұл үкіметаралық келісімді Қазақстан сияқты ресми түрде мақұлдағаны туралы хабар болған жоқ. Атап айтқанда, Қырғызстанның ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігі құжат әлі барлық ішкі мемлекеттік келісу рәсімдерінен өтпегенін айтты.

"Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, әр тараптың мүддесін ескере отырып, құжат қол қоюға берілетін болады", — деді министрлік өкілі.

XS
SM
MD
LG