Қазақстан билігі Ауғанстаннан келген, өзін "қандаспын" деп атайтын ондаған адамды қазақпыз деп жалған дерек ұсынған немесе қазақ екені дәлелденбеген деген уәжбен азаматтықтан айырған. Олар қазақ екенін алға тартып, істі қайта қарауды талап етеді.
Ресей армиясы тағы да Киевке жаппай соққы жасады. Украина Ресейдің бірнеше мұнай базасын атқылады. Британдық барлау қызметінің бұрынғы өкілі «Путин соғысты тоқтапайды, ол оны екінші Беларуське айналдырғысы келеді» деп санайды.
Ресейдің шабуылынан жарық пен жылу жиі өшетін Украинада энергетика саласында жемқорлық шуы шықты. Ел президенті Владимир Зеленскийдің жақын досы Тимур Миндич пен министрлер, шенеуніктер «Энергоатом» компаниясынан ақша жымқырып отырған. Украинадағы бұл шуды түсіндіреміз.
13 қарашада Алматы облысында тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының мүшелері наразылық акциясын өткізіп, Қытай туы мен ел басшысы Си Цзиньпиннің суретін жағып жіберген. Осы әрекеті үшін белсенділер қамалды.
13 қарашаға қараған түні Ресейдің Орел қаласына Украина зымырандары шабуылдады. Украиналық БАҚ шабуыл украиналық жаңа «Фламинго» қанатты зымыранымен жасалды деді.
Орталық Азиядағы негізгі екі экономика – Қазақстан мен Өзбекстан үш жыл бұрын одақтас мемлекет атанды. Сарапшылар әр салада реформа енгізуге талпынып жатқан Астана мен Ташкент арасында бейресми бәсеке барын айтады. Бауырлас ел саналатын қос мемлекеттің қазіргі ресми көрсеткіштеріне назар салайық.
12 қарашада саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қазасына 20 жыл толды. Оның биліктен оппозицияға өткен кезеңі мен кейінгі сұхбаттарына қайыра бір зер салайық.
Түркістан облысы Созақ ауылында қазақтың ежелгі спорты — түйе жарысы өтті. Қырықтан аса түйе шауып, Алматыдан келген екі бойжеткен алға шықты.
Депутаттар дәрігерлерді ұрып-соққандарға жазаны күшейткелі жатыр. Ең ауыр мерзім – 12 жыл. Маңғыстауда еңбек дауы. «Қазақтелеком» жұмысшылары жалақы аздығына шағымданып, Астанаға үндеу жолдады.
Тағы